Түбекті сақтау үшін тері сіңген
Естілсе айбарлы үнді Адай деген,
Өктемдік жасамадым алайда мен,
Шүкірлік, сыйластығы шығар деймін
Кейбіреу қояды екен құдайға тең.
Белгілі дұшпанына нық долы ма,
Атойлап аттанған ғой ақ жолына,
Тағыны тақымына ойнақтатып
Жесірін жібермеген жау қолында!
Қылышы қынабында сақталады,
Шындықтың шымылдығы дат талабы,
Жауынгер тайпалардың ұрпағындай
Кейде бір кеуде керіп мақтанады!
Таптатпай туған жерін талқандатып,
Қорғанды шыбын жанын қалқан қылып,
Жау түгел , досы болса ерегесте
Көрмейсіз бұл тайпадан жалтаң қылық!
Жолатпай жауын қуған өрісінен,
Танылған жауларына бөрі ісімен,
Әйтеуір қалай десін, олай десін
Түбекті сақтау үшін тері сінген?!?
Қоңсы етіп отырғызды сыбай бәрін,
Білдіме, білмеді ме мұнай барын,
Бәз біреу әзілдесе әзілдесін
Сезінген сүйенерге құдай барын!
Осылай Маңғыстауды мекен еткен,
Жері жоқ басқаныда бөтен еткен,
Өзім деп өзімсінсе қонағына
Береді саннан кесіп көсек еттен!