09.08.2022
  135


Автор: Бесінбай Бегеніш

Кешегі арынды ағын тына қалған...

Кешегі арынды ағын тына қалған,
Шындыққа өктемдікті сына қылған,
Кезінде ақ бұлақ пен әсем шатқал
Қазірде алдарқатқан жыра қылжаң.
Бұлақ та арындаудан ауғандай ма,
Тап болып шындыққа оқ жауған жанға,
Шыңырау түбіндегі шындық отын
Шығырлап тартатындай қауғаң қайда?!
Анау жүр қуыс сайын парақ іздеп,
Күбініп сынау жатыр жарың біз деп,
Зымырап тоқтамайды жел аяз күн
Алмасып жатырғандай жаз бен күз кеп.
Сахарың сағыныштың сазын тартсын,
Мақтан ғып көлденеңдеп көңіл жортсын,
Шөліркеп келгендерде құмар қанып
Сусындап тұнығыңнан тартсын, артсын.
Көзеліп қоқылыңнан тұнба көзін,
Мөлдіре күн нұрымен күткен кезің.
Мезгілсіз мекенінен ұщқандарын
Қуат бер рухыңмен қолдап өзің.
Тартайық шығырыңды құнан нарға,
Сөйтіп бір щөлін бассын құмарлар да,
Сиыр-су, жаңа-сулар жамырасып
Көрейік арыныңды бір арнаңда!
Тұреке ғазіретім аңда бәрін,
Бұлағың елге елге берсін асыл пәрін,
Қызыл-су кеткендердің зарын жұтбай
Келтірсін келгендер боп енді сәнін.





Пікір жазу