09.08.2022
  107


Автор: Бесінбай Бегеніш

Қызыл – су бұлағы

(Оразмағанбет Тұрмағанбетұлына)
Ақ бөкен аймалардай лағынан,
Бір ызың кетпей жүрді құлағынан,
Жасырып жатырғандай саябырсып
Қызыл –су сыр тартамын бұлағыңнан.
Кетіріп астан – кестен алып шырқын,
Өшірген салт – дәстүрмен әдет – ғұрпын,
Шошынып құлан безген өз қағынан
Қоныстан қайда кеткен қайран жұртың?
Сол бір кез білім шыңы тұрған шырқап,
Сай жыраң салды тал---- түлкі бұлтақ,
Еркіндік мұхитына құяр кезде
Ашылмау мүмкін бе енді шындық құлпы – ақ!?
Сусындап білім алған шешен – биім,
Бұлақтың қақ басында мектеп үйің,
Қабырға қарғыс атқан қанша таңба
Куәсі тарихтың, сөкпе күйін?!
Шаба алмай қалған екен қылышы да,
Мектебің мұң жасырған бұрышына,
Сексенге жасы келіп сүмірейген
Қазіргі күйі бірақ құрысында!
Қырат пен қиын шатқалдар
Құрылған талай қақпан бар,
Мән – жайын білмей қуанған
Қуыстан парақ тапқандар!
Кеуек пен үңгір оқпан жар,
Тас мүсін боп қатқандар,
Бәрінде елес сен тұрсың
Сыр табан ізің жатқандай.
Соққылап күліп қапталға,
Тасқындап күшпен аққанда!
Ақ маңдайым, ақ бұлақ
Үн қоспай ақын жатқан ба?





Пікір жазу