Жылқылар қайда барасың?
Жылқылар қайда барасың
Сыздатып жүрек жарасын
Ойымды орап тұмандар
Іркілген жас боп ағасың.
Жатқан жоқ ешкім ұғынып,
Ақ сорпа болдың қуылып,
Астауларға тиелдің
Төрт аяғың буылып.
Далада өскен тарпаңым,
Қайғыңды күй ғып тартамын.
Кір шалған көңіл кірбіңін
Салмақтап кімге артамын?
Ауыр жүк салсам арқаңа,
Щыққансың тартып алқа да.
Базарға салды бөлщектеп
Сытырлап түстің қалтаға!?
Жіберген істе қате мың,
Тістелеп бармақ жатамын.
Шығаратын өзің ең
Азамат ердің атағын.
Ұшарға сыңар қанатым,
Той қызығын табатын,
Аңсарым ауып келгенде
Сусыннан төлім қанатын.
Еріксіп жүрген түлік ең,
Салғанмын саған тілік, ен,
Сен жайлы қанша аңыздар
Өрбіген желіп күлкімен.
Жанардың ақ пен қарасын,
Қосылтып ылғал арасын,
Тепкіменен теңдескен
Тұлпарлар қайда барасың?
*** ***
Қоя жесен қой қалар,
Торта жесең тай қалар,
Араның қатты ашылса
Арттағыға не қалар?