«Қара» «шық!»
Бала кезден жатталған,
Көкіректе сақталған.
Бұл сөз маған таныс сөз
Шыбыртқалап қапталдан.
Жетім – бұрыш тығылдым,
Сүрініп талай жығылдым.
«Қара, шық! Әкең!» дегенге
Келеді деп ұғындым!
Ойламапсың өлем деп,
Кетіпсің әке «келем» деп,
Жүгіріп талай алданып
«Келемге» сеніп елеңдеп.
Жетімек көңіл өзгеше,
Жәутеңдеп өттік біз кеше,
«Қара, шық!» десе делбеңдеп
Болғанбыз талай мезі неше.
Мез болсақта қарадық,
Өткен күнді санадық.
«Қара, шық!» пен жетіліп
Шыбыртқыға жарадық.
Үзілген тұлдыр түйменің,
Кір қожалақ күйменен,
Шайқалмай біздер қалыппыз
Қырық жамау үйменен.
Есіктен асап етіңді,
Жетімек ойлар кетілді,
«Қара, шық!» солай қкат боп
Жетімектер жетілді.
Мүгедек көңіл мұңайды,
Күдерін үзген сыңайлы,
Омыртқалар майысқан
Ши терсек борбай тыңайды.
Саналған күндер сызылды,
Жарылған ерін жазылды.
Өзім ата, өзім жал
Кімге айтам енді назымды?!
Өңездер қаптар бес елі,
Жегі құрт жеген неше елі?
Медет етіп біз жүрміз
Атыңа қойған көшені.
Атыңа қойдық көшені,
Иманың таудай деседі,
Жалғасты тұяқ өмірге
Жетімек ұлың кешегі.
* * * * * * *
«Қара, шық!» қамшылады жонымызды
Алласы демеп жатты оңымызды,
Орны бар оңалғанды бастан кешіп
Біз де әке жалғастырдық соңыңызды!