09.08.2022
158
ДҮНИЕ – ҚЫЗЫЛ ТҮЛКІ
Ұстай алмай алаң болып ілкіде,
Дүниені ұқсатамын Қызыл Алтай түлкіге,
Шеті ілінсе абайсызда қолына
Үйе беріп кенеледі күлкіге!
Байқатпайды ашылғанын аранын,
Жиылады меңіреу мен арамың,
Шығады екен қатыгездік , қараулар
Қарабайдай қан шығармас сараңың.
Тістейді де екі шетін ұстайды,
Жасырады, көрсетпеуге тыстайды,
Есіл-дерті бәсекеден бәсеке
Алтын, күміс, мыс қайғы?
Бұл дүние – қызыл түлкі ұқ бірақ,
Баянсыз ғой дегендерге тек құлақ,
Түк біткенде жыланың да қалтырар
Жоқ адамның жомарттығы мықтырақ.