БЕСОҚТЫ
Бесоқты жердің аты, судың аты
Демеген Бесоқтыны ешкім таңқы,
Хиуа жолындағы күдерлі су
Кідірген осы жерге түсіп жалпы.
Ежелгі шыңыраулы соның халқы,
Қастерлеп су көздерін еткен салты.
Пейіштің төріне кеп демалғандай
Ерінбей, ерлігімен асқан даңқы.
Сор алған Бесоқтының маңдаласын,
Сорымен жалғасады сал сала құм,
Қауғалап балдай суды беріп жатса
Құданың құдіретіне таң қаласың.
Тынымбай шоқысы анау қарап тұрған
Үстіртің осы жерге таяп тұрған
Қырық жол жан – жағынан жамырасып
Сол жолмен жортып әркім талап қылған
Қараадыр қайқы белдей жатыр сұлап,
Тайғырдай хабарласқан тіке құлап.
Қамысты – қалың қамыс арасымен
Ертеде мол болыпты аққан бұлақ.
Доңаша сайынымен жақын жерде,
Атаға шығар жолың асқан өрде,
Айнала қай ғасырлық қойылымдар
Өмірден озған бабаң тыңдап көрде.
Кезінде осы суды қазық қылған
Бәрінде таңбалы тас жазып қалған,
Көшпенділер түйіскен сол нүктені
Дедім-ау күні бүгін азып қалған!