09.08.2022
154
ҚҰРМАШ БҰЛАҚ
(Тоқабай Құрмашқа)
Тағдырдың жүгін арқалап,
Соқпағын салдың өмірдің.
Бұтаны қорған қалқалап,
Бармақшы тістеп кемірдің.
Таңдайды қатқан жібіттің,
Бұлақтың үнін тыңдаумен
Қамысқа мінген жігерсің
Шар болат сынды шыңдаумен.
Заманға әттең, күйіндік,
Мойынға іліп «бандыны»
Атылып жалғыз түйіндің,
Ізіңді кесіп аңдулы?
Тар үңгір түбі салқында,
Жатыпсың оймен құрыстап.
Құрмаш бұлақ артыңда,
Жаңадан ақты дұрыстап!
Еш болып талай үгітің,
Езіліп қанша түңілдің!
Ақталды қазір үмітің
Еркіндік – мынау бүгінгім!