09.08.2022
  94


Автор: Бесінбай Бегеніш

АҚПАННЫҢ ШОҚЫСЫ

Ақпанның боранынан да ықпаған ,
Басына қыраннан басқа шықпаған,
Мызғымай соғылған қайқы қылыштай
Өзіңді қалай ноқтаған?
Жұптастырып екеуін егіз қозыдай,
Айдалада. Айқалап тұр аспанға – ай,
Жоқ шығар, сірә, бұл жалғанда
Тәкаббарлық та сенен асқандай?!
Қарайды екен – ау жіті тас қайың,
Шекарада өтерде саған қасқайып,
Қоштасқандар да сені қиялмай
Кірпіктен сауылғандай ғой жас тайып.
Қапталын қақтап күн жалап,
Бетіне салған мың жолақ
Қос шоқысы анау Ақпанның
Жалғасқан күнмен тас қалақ---





Пікір жазу