09.08.2022
  135


Автор: Бесінбай Бегеніш

ТӨБЕЛ

Иран жаққа , Балқан тауға баяғыда жөнелген
Аталарым ат аунатып, ат шалдырған Төбелден,
Төгіп жасты , туған жерден аттанарда қиялмай
«Кұтқара көр» – деген жері мойындағы «көгеннен».
Көз жасынан сол төбелің үй орнындай ойылған,
Сияқты екен ескерткішке Сүбе төрткіл қойылған,
Мұңмен шыққан көз жасы да көл болары рас па?!
Төбелдегі мөлдір көлшік шықпай қойды ойымнан.
Босқындардың наласынан жер кіндігі исінген,
Маңайдағы тау ме тасқа шерлі сазды күй сіңген,
Туған жердің төсіндегі Төбелдегі төбелдей
Меңді көріп, тәубе етіп мен сүйсінгем...
Күні бүгін кермек дәмді көз жасы көл әлі бар,
Жан-жағында кестеленген құрғақ қамыс сәні бар,
Жер Ана да мейір төгіп сол қалпында сақтаған
Төбел атты төбеміздің міне осындай мәні бар.





Пікір жазу