09.08.2022
121
ҚОНАҒЫ БОЛ ҚАЗАҚТЫҢ
Қонағы болып жайғассаң төрге сәнді де,
Бұл жалғанда дос табам десең мәңгіге ,
Ұғынысып домбыра - дастан тарихын
Тыіңдар ең шіркін қоңырқай сазды әнді де!
Бөлейді тіпті жылылық шуақ иірім,
Қанары сөзсіз сағыныш сезім мейірім,
Қонағы болып төріне шықсаң жайғасып,
Ақ ордадай тігілген қазаұ үйінің.
Батпаған асы отырса жалғыз о бастан,
Осылай әдет бабамнан маған жалғасқан,
Түндігін ашып тікелей хабар алатын
Көрдің бе әне ырысын құйған нұрлы аспан.
Сеземін десең қазақтың жарқын пейілін,
Шешемін десең әңгіме неше түйінін ,
Төріне шығып шалқайып отыр кәдімгі ,
Қонағы болып қазақтың киіз үйінің!