КЕРЕГЕ – ПЕЙІЛ КЕҢДІГІ
Керегесін отаудың қанатын кең жайғанда,
Үй көтеріп ұлына ақ сарбасын сойғанда,
Даламның еркін кеңдігін қанатымен құшақтап
Жадырап көктен қарайтын мейірін төгіп ай маңда.
Құла дүзге тіршілік керегенмен келгендей,
Сәлем етер тентек әйел иіліп келіп көлбеңдей,
Таң-тамаща қылады даламның еркін тағысы
Ай далада Ақ отау ақ дігерді көргенде - ей !
Сар далада мекен жай керегемен орналған,
Қатыгездің, қаталдың қанатында арбалған,
Қазақтың нағыз сүйер – тәуелсіздік дегенің
Енші беріп ұрпаққа бір отаудан арналған.
Мейірім мен бақытқа о баста жайған қанатын,
Ырыс, дәулет,несібе қанатпен қарпып алатын,
Қоспалары жымдасса, бірге туған туыстай
Сүйсініп қарап оғанда жақсыға жорып қалатын .
Мойымаған қазақпын қиындыққа кемді күн,
Керегедей жайылған байқалады пейіл кеңдігім,
Бір-бірімен жымдасқан сағынадай сан ұлтпен
Түсінісіп сезінді, туысқандай ел бүгін!