09.08.2022
  107


Автор: Бесінбай Бегеніш

БЕРІК БОЛҒАЙ БОСАҒАҢ

Иыққа салып арқалап туған жерден асқанның
Босағасы қисайып естідім талай сасқаннын ,
Босағаға сүйеніп зарланған үнді мұңдардың
Шаңырағы болғансың өксікпен мауқын басқанның.
Тастамаған тар жолда тірегі үйдің сен едің,
Босағаны қом жасап көше берген ел едім,
Табалдырық тауымдай , маңдайым жетіп биікке
Қысылғанда, қиналып сүйенішім , демедің.
Босағаны тең тұтып жаратқан ием жасаған,
Маңдайшасын қажытпай шеберлікпен қашаған,
Маңдайын тіреп тілеген тәуелсіздік орданың
Аруақтар батасы – берік болғай босағаң.





Пікір жазу