09.08.2022
260
ШАҢЫРАҚ
Әр ауылдан жиылып жігіттің нағыз нарлары
Шаңырақты көтеріп , ұстайтын талып қарлары
Шайқалтпай ұстап сығындап орнаса көкпен жалғаса
Марқаятын қуанып жақын мен жек-жат жан – жағы.
Шаңырақтың шаттығы тұрғандай көкпен тілдесе,
Күлдіреуіш нұр шашқан сығалап жабық күн кеше
Бізге жеткен мұрагың қасиетін дәріптеп
Немереңе, балаңа айтқайсың жайын білмесе!
Шаңырағым таңылып көштің сызын нұсқадым
Тізбектелген керуен шұбалған қазға ұқсадым,
Көшпенді қазақ қара нар мұқияттап жеткізді
Әрқайсысын ұқыптап түсірмей сызат ұстадың!
Орын тауып көгімнен ат, атанмен көқтерген,
Сол шаңырақ астынды тағдырым сансыз өтелген,
Үйімнің биік шыңысың , кеңейді керсем тынысым
Қасиетті , киелім қастерлеп әркез өтем мен!