09.08.2022
  114


Автор: Бесінбай Бегеніш

ҚАРАҚИЯ, БҮГІН БИІКТЕ!

Қарақия сен үшін
Қара жер , теңіз енедей ,
Қос ананы тел емген
Кетпейді ешкім елемей ,
Жаратқан ем жасаған
Үстіне аудан қондырып
Байрақты көкке көтерді
Жыланды тауы кемедей !
Балығын ауылап мал баққан
Кешегі бабам кемді – күн ,
Соларға қоса тағы да
Мұнай , газ болды ендігің ,
Тұңғиық терең ойпаттан
Арманы асқақ айдынға
Қарақия ауданым –
Шығардың атын сен бүгін !
Айдының жатыр шақырып
Саламын десе қайықты ,
Жағалауың қашаннан –
Салуға қайық лайықты!
Ресейден құрыққа –
Әдейі келген Дубский
Захар Кузмичь орысың
Балық аулап байыпты ?!...
Үстірт пен Тайғыр шалқайып
Құлшағын кеңге созады ,
Мал өсірген баяғы –
Шыңыраулы судың қағазы ,
Ауылдың алтын бесігін
Тербетіп өзің тұрғандай ,
Ризалықпен қарайды ,
Қаспақты жылда қазаны !
Жетібайың желкеде
Тасымен кала тұрғызған ,
Темір жол тақап қасыңа
Пойызын бері бұрғызған ,
Абыройың асқақ рухты
Несібесі өзіңде
Тасқынды жігер көремін
Жасампаз жарқын Ұл – қыздан !
Қарақия тұңғиық


Жататын шұңғыл қиянда ,
Бүк түсіп алып тереңде
Берілген қарттай қиялға ,
Жер қойнауын тербеттің
Қоспасын қосып қайнатып
Талайы пісіп жетілген
Қазан шұқыр ұяңда
Игілігін көріп жүр
Дайындарын теріп жеп ,
Ерінбесе еңбеккер
Пайдаланса терім көп ,
Астың – Уран , үстің – газ
Самалдай жанады
Мақтанамын мен бүгін
Байлығы асқан жерім деп !
Ғажайып ойпат белгілі
Қызықтап талай көргенбіз ,
Атыңды сенің ұлықтап
Ауданға кеше бергенбіз ,
Табаныңда таусылмас
Қазыналы аймақсың
Ерліктің бүгін мекені
Көрейік биік белденбіз!





Пікір жазу