09.08.2022
  110


Автор: Бесінбай Бегеніш

Топыраққа орап алып тербеген...

Топыраққа орап алып тербеген,
Одан ешкім қайта айналып келмеген,
Жөнелгенде бақилыққа жаратқан
Берген екен жеке дара бөлмеден.
Сол жер үшін қанша қан бар төгілген,
Айырылғандар қонысынан егілген,
Ұзап кетсең сағынышпен сарғайып
Шықпайды ғой туған жерің көңілден.
Бір-ақ рет жаратылған жер деген,
Қадірлейік, күту керек сен де, мен,
Тарихта таңба салып кеткендер
Бүлдіруге жат қолына бермеген!





Пікір жазу