![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-27-00-11-06.png)
ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ЖАЗУЛАР
Сары далам менің бетіңде сансыз жазулар,
Шертілмей жатқан, айтылмай жатқан назым бар,
Жарақат салған , қатігездікпен қайзалап
Алмастай өткір азулар!?
Күйзелткен сені әрекеттер сені жымысқы,
Күңіреніп жатсың ішіңе тартып тынысты,
Пайдасын тауып мерездер салған бетіңе
Қашқақтап, қашып жылысты?!
Бүлдіріп жатса , әрекет әдіс тасамнан,
Салтымда бар мазасын тартқан қашаннан,
Бәріміз қарап бақырайып кеп тұрғанда
«Ұлы көл» қалай жасалған?
Сай – жыралы , қауіпті аңғар көбейер,
«Мыржиған таулар» , мықырайған немелер,
Бабамнан қалған,боз жусан иісі аңқыған
Қайда екен? Қайда төбелер?
Қарасақ қазір қорықпағандар күшті құдайдан,
Мүңсік ауа, арылмай суым лайдан,
Күл-қоқыс толы қоңыр қаз ұшқан көлдеулер
Жамылып қара мұңайған?
Жарақат дала жәбір мен жапа шеккендей,
Ұңғылдап бетін қаптесер тесіп өткендей,
Дымқосты далам ыңырсып жатсың білемін
Айтатын елге өкпеңді-ей?!
Естимін сеннен күңіренген қайғы ызалар,
Тыңдаса оны кетеді менде мазалар,
Қасірет-қайғы шерленген желді жүректі
Бір Алла ғана жаза алар?!
Жаббар ием қашаннан киелі мекен ұғынса,
Тағдырыңа алаңдар азамат белін буынса,
Кезеңінде сілкіністің үндемей саған қала алмас
Топырағыңа тартып туылса?!