09.08.2022
90
Жүргендей ме анау жігіт сыйқырлап...
Жүргендей ме анау жігіт сыйқырлап,
Асауларды табындырған құр-құрлап,
Бу бұрқырап ошағында қазаны
Жатқандай ма бағыланы бұрқылдап.
Кетіп жатыр алысқа ұзап таңдағы үн,
Ойлап кеткен елеместен тоңғанын.
Балақайлар жағып алған үстіне
Жаңа туған жас төлдердің тоңғағын.
Ауыл осы қозғалыстың аймағы,
Қиындықты дәулет етіп сауғаны.
Қарасаңыз назар салып ал енді
Түсіп жатыр бейнеттің де салмағы?
Ауыл маңы айқыш-ұйқыш із деген,
Маңыраушы қамқоршыны іздеген.
Асын ішіп Адамына жағдайды
Жасайтындар бізбен және сіз деген.