09.08.2022
  128


Автор: Бесінбай Бегеніш

Құрмаш

Жортуылмен намыс отын көздеген,
Қаулыменен бірақ атақ бермеген,
Құрмаш қуыс, Құрмаш бұлақ, Құрмаш жол, -
-Деп атаған ел деген.
Банды десін, Батыр десін мейлі оны,
Өзіне аян әркімнің бар дерегі,
Шындық кейде шыңыраудың түбінде
Аршылмаса тұншығудан өледі.
Бұл фәниде тыныштықты көрмеген,
Жігері құм, көкірегі шерленген,
Қай жерде де Құрмаш десең селк етіп
Құрыстанып жатады екен дөң деген?!
Ей бауырым! Соқпағыңа түсіп ал!
Кеше қате,бүгін дұрыс ісі бар
Ақ-қарасы ашылмаған жабулы
Тайғыр жақта Құрмаш деген кісі бар!!!





Пікір жазу