09.08.2022
158
Құланды ауылы
Қанат жайып өсіп жатқан арайлы,
Құландарды тек суреттеп қарайды,
Киесі де, қасиеті дарыған
Құлан тектес ұлан болса жарайды...
Шектеседі құлан жортқан жерменен,
Кең жазыққа құлаш ұрып сермеген.
Тұрғындары баяғыдай жарқылдап
Құландай – ақ намыстарын бермеген.
Сонау кезде шошындырған қағынан,
Қияндарға шұбап асып ағылған,
Еркіндіктің туын тігіп Тайғырда
Жаңа қоныс оты маздап жағылған!
Жерік болсаң құландай – ақ қағына,
Ошағына оралу – бір мағына
Құланды ауыл шақырады қандасын,
«Келсін» - дейді. – Келе берсін тағы да!