09.08.2022
  132


Автор: Бесінбай Бегеніш

Жараспаған анау-мынау еп енді...

Жараспаған анау-мынау еп енді,
Малды өсір егініңді ек енді,
Дәрет қысса айдалада жетеді
Білмейміз біз үйде отырған дегенді.
Көңілдің жоқ бір-біріне бөгеді,
Бәрі таныс осы ауылдың көлемі.
Той жасасаң хабар айтып қапылма
Өзі естіп шақырмай-ақ келеді.
Бірі құда, бірі сыбай шатағың,
Жетіп жатыр «бәленшеге» атағың,
Қандай жұмыс түсіп жатса ал саған
Мен де сенше күбіліп кеп жатамын.
Бір-бірімен өзімсініп тілдескен,
Тату-тәтті араласпыз күндескен,
Кеш болғанда жайбарақат өзіміз,
Есікті де отырамыз ілместен.
Таң сәріден маздатады тапқанын,
Әр мұржадан түтін шықса мақтаным.
Будақтаған көк түтіндер көкке өрлеп
Татулықпен араласып жатқаным.





Пікір жазу