09.08.2022
  136


Автор: Бесінбай Бегеніш

Орамал басқа байлап ап...

Орамал басқа байлап ап,
Атқа да мініп жұлқындық!
Аз ғана жандық айдап – ақ,
Ретін таптық құлқынның.
Майысқақ талдай иіліп,
Белді де қатты буындық.
Көргендер бізге сүйініп,
Азамат болып туылдық.
Әр түрлі киім таңдап біз,
Әсемдікті қумадық.
Қит етсе көңіл алдап біз
Қалдырмай бәрін жумадық.
Азаматтарын сақтадық,
Жүрсекте елдің шетінде,
Ауылда өстік қиялдай
Тұрсақта желдің өтінде!





Пікір жазу