09.08.2022
  122


Автор: Бесінбай Бегеніш

Ауыл әуендері.

Аптапқа күйіп аңызақ шалғын күңкілдер,
Шаң, тозаңмен қарсы алар сені мүмкін жел,
Қашаннан дөңнің қожасы інген , бал қоспақ,
Алдыңнан желіп бүлкілдер.
Жақтырмас сені сексеуіл қанат сабалап,
Адасса деп байғұздар күлер табалап,
Шыдайды төзім жантақтай жарға жабысқан,
Киесін ұғып паналап.
Шыдайды тек болаттай мықты төзімнің,
Өзімсініп өңменің үзген сезімнің,
Іздері қалған төсінде сонау бауырдың,
Төзе алмай кеткен өзіңнің?!
Осындай өлке өзгеге тіпті қатал-ды,
Маған қымбат Маңғыстау деп аталды.
Киелі мекен, мұнайлы мекен танылып,
Шақырған көпті аты енді!
Айдын көл жаса , ойнаған асық тақырдан,
Құдірет керек өзенді бері шақырған.
Ауылды к-тер, асқақтат, айбын асырып,
Айғайлап бәрі жатырған!





Пікір жазу