09.08.2022
  113


Автор: Бесінбай Бегеніш

ЖЕСІР

Естігенбіз «жесір әйел» дегенді
Бұл сөз содан жегі құрттай жегенді,
Алғашында түрпі тиіп құлаққа
Онашада көз жасымды төкен-ді...
Ойрандаған жарқын жүзді көңілді,
Мұң батпанын жеткізді сөз не түрлі ,
Балалармен жесір қалдым ол рас
Аттандырып соғысына теңіңді.
Содан бастап жексұрындай сезілген
Ала кетсем деп едің – ау өзіңнен?!
Тұла бойым тітіркеніп кететін,
Мен үрейлі «жесір» деген сөзіңнен!!
Ызғар шашқан салқын леп секілді,
Естілгенде берекемді кетірді...
Аянышпен, мүсіркеген осы сөз
Қызартып та шымырлатқан бетімді...
Даралықтың қиындығын шеккенбіз
Жетімдерге сездірмеумен өткенбіз,
Қанша жылдар болса дағы жүректе
Жібімейтін қатпар-қатпар төккен мұз.
«Жесір» сөзі күрсіндірген өмірде,
Жататын-ды күңгірт тартқан көңілде.
Жылы сөзде, жылы леппен шамалас
Ылғал тартса тот басады темірде.
Алла бәрін жұптастырып сай құрған,
Кінә емес пе? Жұбын жұтып зар қылған?
Жетім – жесір жер бетінде налыса –
Періште де көк жүзінде қайғырған.
Жесір сөзі күрсіндірген осылай,
Жолдас болдық! Әй, қатыгез досым – ай!?
Бұл ғаламда аналардың барлығы
Өтсін деймін! Естімей – ақ! Шошымай!
Жеті насыр жермен жексен етілген,
Жетіп сүйек өтіп жатыр еттіңнен.
Осы сөзді ала кетсем махшарға
Қалғандарға айтылмағай?! Өтінем?!





Пікір жазу