Туғаннан біздер үлкенбіз.
Асықтарды ауыстырып әкелердің күрегін,
Жастық кезді ұрлатқанбыз ерте есейдік білемін
Шот,кетпенді ұстадық та тұрып қалдық қатарға
Белім қатып толықпай-ақ білегім...
Ағалар мен аналарды үлкенге теңеп еледім
Үлкен боп туып, үлкен боп жүріп келемін
Бесеке десе қарттарым менің көз көрген
Ерсілеу екен демедім...
Үлкендікке жеткізгей деп армандап да өскенбіз,
Отырарға орын болса босағаға көшкенбіз
Бұйда үзіп қала алмадық керуені өмірдің
Ілестік те жүре бердік көшпен біз...
Өтті жылдар түйілгенде , разылық сүйенген,
Өтті уақыт алмасатын қуанышпен күйінген.
Тау қопарған толағайдай болмасақта әйтеуір
Үлкендерше шығып жүрдік үйімнен...
* * * * * * *
Іш көріп айтқан жылы сөз бойымызға тарайды
Кейбіреулер оғанда қызғанышпен қарайды.
Мың мәртебе шүкір еттік Аллаға,
Үлкен боп өтсек жарайды...