09.08.2022
91
Шыбыртқымен жетілдік.
Шыбыртқымен шынығып,шымыр болып өскенбіз,
Балалықпен қоштасып үлкендікке жеткенбіз,
Тауқыметі ауылдың сияқты саған қараған
Балауса дене қатайып шыбыртқыға жараған.
Сылбыр жалқау дегенді шыбыртқымен жоятын,
Шаршағанды шалдығып шыбыртқылап қоятын.
Шыбыртқысы өмірдің өрімдей – ақ өрілген
Жігер, қуат – шыбыртқымен берілген.
Еске түссе сол жылдар кібіртіктеп қаламын,
Ширатып кеп тартқандай қиқаң етіп қаламын,
Шыбыртқылап қатайып желдің тұрдық өтінде
Сол таңбалар әлі бар замандастар бетінде.