09.08.2022
  123


Автор: Бесінбай Бегеніш

МАСАТ АТА БАСЫНДА

Маңғыстау деген түбекте,
Әулие-пірлер көп өткен.
Елемей рухын жүдетпе
Мінәжат етші елеп сен.
Зұлымдық деген әрекет
Бар екен сол бір кезеңнен.
Масаттың жауы «Рекет»
Ала алмай талай кезенген.
Шірене тартқан жебелер,
Маңайына жетпеген.
Қылыш деген немелер
Майырылып жүзі өтпеген.
«Таң намаздың кезі» деп,
Сырын ашқан жақыны.
Дұшпанына өзі кеп
Жеткізген келіп ақыры...
Балбырап тұрған кезінде,
Қастандығын жасаған.
Жан-жағы бал-бұл сезімде
Қара тас балқып босаған...
Аянышпен шабады,
Құлынды бие қасынан
Ізін әлі табады
Әулие Масат басынан.
Көбеннің биік жолында
Денесі қалды қансырап.
Басы періште қолында
Саршаға жетті мың сұрақ???
Періште әкеп қолымен
Теңізге таяу тақалған.
Машайық, пірлер жолымен
Әулие деп аталған...
Құлбарақ та ойында,
Таусылғанда татар дәм.
Басы кешіп қойында
Хорезмнің ойына
Бұлда солай аталған...
* * * * * * *
Нақ осындай сарында,
Аңыздар әсем өрілген.
Әулие пірлер бәрі де,
Оқи кет, аят ерінбең.





Пікір жазу