09.08.2022
  94


Автор: Бесінбай Бегеніш

Қарауыл төбе.

Тосқауыл құрып күшпенен,
Қарауыл төбе аталдың
Аталардың ері түспеген,
Қорғадық бәрін қатал тым.
Жан-жағым кілең жат анық.
Келетін кейде кемемен
Ер жүрек Адай атанып,
Күтетін осы төбеден.
Әр жердегі «Қырғындар»
Дәлелі соның емес пе?
Көбісі жерлес, тұрғындар
Қорғаған жерін егесте!
Аттанып осы төбеден,
Бармақтай жерін бермеген,
Тосқауыл болып денемен
Солар ғой нағыз ерлеген!
Кешегі ерлер осындай
Рухы тұрсын биіктеп
Төбеге келсек жақындап
Өтейік басты иіп тек!





Пікір жазу