09.08.2022
  106


Автор: Бесінбай Бегеніш

Арқар – Адам досындай

Аң аулаудан жеткілікті есебі,
Ахмет атты аңшы өтті деседі.
Қақпан тұзақ арандарды жасаған,
Саяткер деп аталыпты осы адам.
Әдіс- сырын аң біткеннің білікті,
Көлік етіп қара есекті мініпті.
Қырандарды ұстайды екен тұзақпен,
Балапанын жетілдіріп ұзатқан...
Арандарға бөкен қамап құлатқан,
Қасқырыңды күтіп алған бұлақтан.
Қақпанменен арқарларды ұстайды,
Етін азық етеді екен қыстайды.
Саяткерлік аңшы болған білікті,
Тау ернегін жағалапты, жүріпті.
Бірде кепті Оғыланды тауына,
Сол бір жылы мол болыпты жауында.
Сыртындағы айдын тақыр көл екен,
Сол көліңді жалғап жатқан дөң екен.
Көл маңына арқар қойын, жайылған,
Ірілігі кем еместей тайыңнан...
Шалғын шөпті еркін жеумен тойынған,
Қауіп-қатер шығарыпты ойынан.
Аңшы Ахмет көре сала қызықты,
Жануардың тыныштығын бұзыпты.
Қуаласа қара есегі жетпеген,
Садақтың да жебелері өтпеген.
Айла-жарғы талай түрін бастады,
Көл жағалай қақпан құрып тастады.
Өзінен басқа ешкім жоғын біледі,
Өз ісіне мәз болады, күледі...
Әр қақпанның құр жатпауын тіледі,
Қасаптаса қан-қан болып білегі?!
Аулақ жерге күрке тігіп жатады,
Оңашада бір-екі таң атады...
Ірге жақтан қара мұздай жел үрді,
Соңғы түні ұйқы көрмей елірді.
Дыбыс шықты жаратындай құлақты,
Таң алдында күркені де құлатты...
Көлге келіп қарап еді қақпанын,
Жинақтаулы көрді үйіліп жатқанын?
Барлығында әдемілеп шаптырған,
Төсек киіз, тиектерін қаптырған.
Ахмет те құр емес-ті ақылдан
Аулақырақ алып шықты тақырдан.
Қиялданды. Көңілге ой тоқыды.
Атаға арнап аятын да оқыды:
-Мынау жатқан Бекет деген пірімді,
Жебеп жатқан өліні де, тіріні...
Оны неге көңілімнен өшірдім,
Аңға деген құмарлықпен есірдім...
Саяткермін. Ұмтылыпты есімің?
Ата. Сізден сұрай берем кешірім!?
Өзің едің түбектегі киелім!
Басты сізге ауырмай-ақ иемін!
Маңайымды Зиянкестен қорғайын!
Айта берем келгендерге әрдайым!
Арқарыңа қамқор болам өсіріп,
Жүре берсін таудан-тасқа секіріп...
Пенделерге уағыздаймын осылай,
Тарар елге «Арқар-Адам» досындай!
Арқарларың маңайыңнан қашпайды,
Келгендерді адастырмай бастайды.
Жаңғырады – жасарады тауларың,
Жоламайды дұшпандықпен жауларың!
Арқар – Адам достастығы жарасып
Асқақтайды рух – Нұрлы Айбарың!
-Деген екен Ахмет аңшы кезінде
Тұрып жатыр сол бір айтқан сөзінде.
* * * * * * *
Осы аңызды естігенмен жасымда,
Анда –санда келіп-кетем осында.
Бастарында шаңырақтай мүйізбен
Қарсы алады арқар деген досым да!
Олар қарап қарсы алғандай қапталдан,
Ахмет те кінәсінен ақталған...
Барғандарға тілеулес боп жатқандай
Жаңғырықтар шығып жатады шатқалдан!!!





Пікір жазу