09.08.2022
  261


Автор: Бесінбай Бегеніш

Аязбай қарттың монологы

Сенер болсаң құдіреттің күшіне,
Құпия көп. Біз білмейтін түсіне?
Тек үнемі сүрінгенде іздейміз
Кереметтің маңда екенін сезбейміз?
Қорыққанда қайта – қайта айтамыз
Қасыңдағы әруақты байқаңыз!
Қорықпай-ақ әулиені сыйлайық,
Имандыға жарасады ибалық!
Түседі еске жатқаның да қиналып,
Сау кезде біз нанбаймыз – ау иланып?
Кемшілігін мойындауда кісілік,
Мен қатемді сезінгенмін түсініп!
Адам – деген арылмаған күйбеңнен,
Пендешілік адастырған түйгеннен!
Қысылғанда оралады есіңе...
Бірақ мезгіл таяп қалар бесінге?!
Менен де бір осындай сәт өткенді
Дей алмаймын Ата бірақ кектенді
Сол бір кезең қалған еді көңілде
Сабақ болып мына қысқа өмірге!
Қанша тығыз болсадағы күйбеңің
Ешқашанда ұмтылмасын сүйгенің!
Олар үшін белгілі ғой бар ізің,
Есте сақтау азаматтық парызың!
Жатамыз – ау ауырғанда қапылып,
Арнап аят ауырмай – ақ оқылық!
Сырқаттанбай садақаңды сауда бер,
Есептескен сияқтанбай саудагер.
Бас ауырып сыздап жатса балтырың,
Балгер іздеп жорттық неше шақырым?!
Тыңдасаңыз түзеу сөздің мақұлын,
«Әулие де сүйем» депті жақынын!
Қысылғанда Сізден жәрдем тіледім,
Құпия бір күшің барын білемін.
Айтатын-ды менен бұрын өткендер,
Осы маңда «40» атты «шілтен» бар.
Шын жалынса періштедей сенеді,
Шұғыл жәрдем тигізуге келеді.
Жеткізеді ғайыптанда көмегін,
Кездеседі Ғайып Иран дегенің!!!
Қыдыр Илияс көз қырына алады,
Айырады адалдықтан қараны!
Сөндіре алмас келсе маңға жақындап
Ақтық отын ақымақ!!!
Осыны айтып Аязбай қарт үзілді,
Қалды меннен монологтан үзінді.





Пікір жазу