08.08.2022
  119


Автор: Бесінбай Бегеніш

ШЫҒАСЫҢ АРҚАЛАНЫП АҚИЫҒЫМ

(Айтыскер ақын жердесіміз Мэлс Қосымбаевқа)
Шығасың, айтыс десе, найзаңды алып,
Тыңдаймын көрермен боп, айызым қанып.
Айтыстың жеңе беру шарты емес пе?
Қаласың кейде тіпті найзаланып.
Абылдың ақтарғайсың алтын сөзін,
Ақиық Нұрымды да екшер кезің.
Шыққанда арқаланып домбырамен,
Қашаған келген бе деп қалам өзім.
Сиынып жатасың – ау Атаға да,
Қуат қып жатқан шығар батаға да.
Көтердің шаңырағын айтыстың сен,
Керегең мықты болғай , босағаң да!





Пікір жазу