08.08.2022
96
ҚҰЛА АТ МОЛАСЫ
Арманда қалған қандыра алмай бұлақ та,
Тарттырған аза! Сағыныш сазы құлақта.
Құлазып қалам жырлауық көңіл бұзылса,
Орала берем Балуанияздық құла атқа!
Келіпсің аңсап Көкесем атты бұлақты,
Жеңіпсің ақыр «жетем бе?» деген сұрақты.
Арманын тапқан арғымағым ба екенсің,
Көрінген сонау моласы дейтін «Құла атты»?
Сиынсам атқа , басыңа жағам шырақты,
Сен жайлы әркім әртүрлі дерек құрапты.
Шыбын жанын туған жерге жеткізген
Қайырлы мекен! Құлпытас қойғам тұрақты.
Жүргендей болам арғымақ елді қыпшақта ,
Кетесің тіпті Құлагерге ұқсап та,
Аңыз боп қалған Хорезм мен үстіртке,
Артық болмас ескерткіш деп ұқсақ та!