08.08.2022
  119


Автор: Бесінбай Бегеніш

БАРАХАТТЫҢ КӨК БАЙТАЛЫ

Сөзге құмар қызың менен ұлың бар,
Барахатта жетім қалған құлын бар.
Туғаннан – ақ ере жүрген маңында,
Құлағында шуылдаған бір ызың бар.
Сен туралы сан алуан ұғымдар,
Талай топта дара тіккен туың бар .
Ғасырында бір – ақ рет көрінген
Атаң әлде болды ма екен суындар ?
Жан – жағыңда ду-ду, зу-зу қаулаған,
Тамсандырып көз жанарды жаулаған.
Жұлындай боп алға шықса көк байтал,
Ешкім жоқ-ты Барахаттан даулаған.
Көк байтал –ау , тарихың тарау , қызықсың,
Талай думан той-думанда қызыпсың.
Келе жатқан қағиданы қашаннан-
«Байтал шауып бәйге алмасты» бұзыпсың





Пікір жазу