08.08.2022
170
ЖЫЛҚЫШЫ ЖІГІТ
Қылаң, торы, шабдарлар – түсі деген,
Бұғалықтау, өрелеу - ісі деген,
Селт етіп ұйқысынан оянады,
Құлынның даусы шықса кісінеген.
Жіктеген арғымақты, жабысын да,
Баптаған сәйгүлікті шабысына.
Естісе, ажырату қиын емес
Азынаған айғырдың дауысын да.
Қымыздың қуатымен қызынады,
Құлақта қыл құйрықтың ызың әні,
Күзетте жүрген жігіт дауысына
Шатқалдар жаңғырығып, құз ұғады.