08.08.2022
  101


Автор: Бесінбай Бегеніш

АТТЫ ҚАЗАҚ – АЗАТ ҚАЗАҚ

Жылқы жылы жырым бар ат қадірін ұққанға,
Ой тарттым ба сабадан,торсықтан дәм татқанда ?
Жүгінсек, қандай биік те ат жанынан басталар


Азамат соған мақтанған.
Ат баптаудан әлемде талайдың ойын қоздырдық,
Абсент сынды жүйрікті бәрінен дара оздырдық,
«Құлагер», «Тарлан», «Бозжорға» қаламгерге ілініп,
Шығарма қанша жаздырдық!
Арқау болмай астарлы күйден қалды ма?
Қымыз ішіп сапырып,мейірің талай қанды ма?
Жылқыдан бәрі тараған-жал-жаяасы сыбағаң,
Қазы тартқан алдыңа!
Шабандоз ұлың аталып «құлағында ойнаған»,
Бал қымызын ұсынып қонағын жақсы жайлаған.
Қасиетін қазаққа дарытқан ата түлікті
Қастерлеуді ойға алам...
Жауымды қорғап атпенен,бақ сүйдірген қазақпын,
Тікелеп келсең,өзіме ат мінгізген қазақпын.
Тәуелсіздік тұғырын тұлпардай берік баптаған
Ал бүгін,міне,азатпын!





Пікір жазу