08.08.2022
  110


Автор: Бесінбай Бегеніш

Қайырып көріп сомдалап біткен тұяқтан...

Қайырып көріп сомдалап біткен тұяқтан,
Кетеді, ұзап жайылып, аулақ бұл жақтан.
Үдіре көшіп келгенде қайта жеріме
Тұлпарлар туып жатырған, далам , сияқты ең...
Құлаққа келген жақсы әннің анау сазындай,
Жүргендей ойда тағы да саздар жазылмай
Сызылып қарап өзіңе тіке тұрғанда
Сұлудың бейне назындай...
Аруақты атам аймалап өсті тұлымын,
Шығарды атын азамат болар ұлының.
Тұлпарлардың тұяғымен шыңдалған
Даламның мен де ұлымын!..





Пікір жазу