08.08.2022
  132


Автор: Бесінбай Бегеніш

АТАМНЫҢ АТА ТҮЛІГІ

Жортатын-ды сәріде тұрып ұзақ түн,
Ат үстінде мызғып ап, сәуір салған қазақпын,
Өміріммен ұштасып жатқан тұлпарлар –
Мерейі деп біл қазақтың...
Түйелерге жүк артып ылғи көшкенмен,
Атқа міндік, атпен жүрдік өскеннен.
Дұшпанына сұсты болып көрінген,
Аттылыдан сескенген...
Аталар сонда азығын алып ұзап тым,
Кететін шалғай , арқалап жүгін азаптың.
Өз алдына еншілес тиген түлікті
Қанаты деп біл қазақтың..





Пікір жазу