08.08.2022
111
Өтейін мен өмірден...
Аңқаулардың бірі боп,
Аңқылдаумен өтейін.
Жамандықтың күйі боп
Тартылмай мен кетейін.
«Өмір, өмір, өмір» деп,
Ән салумен өтейін.
Әйтеуір бұл өмірге
Тамсанумен кетейін.
Селдетіп бір өтейін,
Желдетіп бір өтейін.
Ізгіліктің мекенін
Жер жәннаты етейін.