08.08.2022
  97


Автор: Балта Қосбармақ

Жан-жағымнан ызғырық жел гуледі...

Жан-жағымнан ызғырық жел гуледі,
Келер күннің бақыты сендірмеді.
Жалын болып жанып-ақ кеткім келді,
Өзіме-өзім ыза боп кей күндері.
«Түңілгендей тірліктен кей күндері
Тұрғаныңды, - бір жігіт, - көрдім» деді.
Жүнжіп емес,
Күйініп, түтіккенмін,
Шайқалғанда сенімнің мөлдір көлі.
Түсінер де, кешірер Азаматтар,
(Азамат деп қойылған ғажап ат бар).
Ар сотына арыңды тазалап бар,
Сүйкенбесін ары кір, қожалақтар.
«Азамат» деп сүйеніп базбіреуге,
Талай рет отырдым сазды жерге...
Сүрінді санам,
Бірақ тұрып кетті,
Көне алмай «Азаматтар азды» деуге.
Кездестің бе сондай бір сәттерімде,
Шөлдеп жүрген ақ пейіл, пәк көңілге?!
............................................................
Сонысымен шуақты, тәтті өмір де.
Түсінейік – асықпай жалт беруге,
Түсінейік – асықпай тап беруге.





Пікір жазу