08.08.2022
111
Сыра
Сыра,
Сенсің марқасқаларды сағындырған,
Арын буған өн бойын, дарын буған.
Келер ме еді өмірге сен болмасаң,
Шәмші әндері әлемді табындырған?!
Келер ме еді өмірге келмес пе еді?!
Өзіңде өткен қызығы мол кештері
Тағы да бір төріңе жете алғанда,
Бәлкім, Мұқағали да өлмес пе еді?!.