08.08.2022
  123


Автор: Балта Қосбармақ

Әкеммен әңгіме

«Ауыс, - дейсің, - жұмысқа ауылдағы,
Ауылдастар – түймеңнің бауырдағы.
Туған үйің – жағаңнан алыстама,
Мерт болатын кемедей дауылдағы».
Айтқаның жөн.
Алайда...
Нанасың ба?!
Бір кедергі Маңқыстау баласына:
«Ауа» дейсің,
Демесең, сыйғызбайды
Ауып келген ағайын арасына.
Ауылдағы жұмысқа ауыспаймын,
Рас, үйден сәл ғана алыстаумын.
Шоқайлардың жеріне кетпеймін ғой,
Етегінде жүрермін таныс таудың.
Қияс тартсын қылығым кейде менің,
Бұрын-соңды «шоқай» деп көрмеп едім.
Сыймағаны Маңқыстау жігіттері
Қозғап кетті көңілдің пернелерін...
...«Ойлан, балам!
Ауылға бол ынталы,
Осы ауылда шағылмас көңіл тауың.
Бейнеудегі қызығың – арақ болса,
Ауылдан да табылар», - дедің тағы...
Күйінемін,
Көрместі көрді көзім,
Міне, тағы ішетін келді кезім:
«Ауылға келмеді» деген өкпең емес,
Маған, Папа, батады соңғы сөзің!





Пікір жазу