08.08.2022
  109


Автор: Балта Қосбармақ

Пешене

Төрт елі маңдай тиген әр адамға
Табиғат бөле-жара қараған ба?!
Айдын көл – аққулардың мекені ғой,
Сірә, оған қона алар ма қара қарға?!
Бұл адам өлмейді ғой туған бойда,
Өмірде сыр қалмай ма, жыр қалмай ма?!
Бармақтай бақыт қонса талайлыға,
Бес елі сор бұйырған бір маңдайға.





Пікір жазу