08.08.2022
  135


Автор: Балта Қосбармақ

Келмейді адам өмірге қан уыстап...

Келмейді адам өмірге қан уыстап,
Тумайды адам қару ұстап, ту ұстап.
Келеді ол сәби болып өмірге,
Ойында жоқ қан төгіспек, жұлыспақ.
Жауыз емес, сәби болып, тегінде
Келеді ғой күллі адамзат өмірге.
Ал өскесін,
Бірі адам боп ақ жүрек,
Айналады бірі қара көмірге...





Пікір жазу