08.08.2022
  87


Автор: Балта Қосбармақ

Өмір, сенің өгей ұлың емеспін!

Өмір, мені неге шетке қағасың?!
Қайда барсам, таба алмадым жарасым.
Неге тағы көңілге дық саласың,
Емдей алмай жүргенімде жауыздықтың жарасын.
Өмір, мені неге шетке қағасың?!
Қанша суық, тар болсаң да,
Күдерімді үзбедім,
«Бір әділет бар шығар» деп іздедім,
Іздедім мен Жақсылықтың ізгі елін.
Өмір-ау, сен күлмеймісің бірауық,
Жоқ, әлде сен тек күрсінген күз бе едің?!
Ұлы адамдар жүріп өткен,
Бірақ рақат көрмеген
Күрес атты жолменен
Көкіректе от-жалын атып мен келем,
Құйқылжиды күмілжімес көңіл құсы – көк дөнен.
Өмір, сенің өгей ұлың емеспін!
«Ата-бабам айтып өткен Әділет бар» деп өстім.
Шырмауықтар ораса да аяқты,
Арманымды тартып алған жоқ ешкім,
Өмір, сенің өгей ұлың емеспін!





Пікір жазу