08.08.2022
  120


Автор: Балта Қосбармақ

Рухым өр, таусылса да дәрменім...

Рухым өр, таусылса да дәрменім,
Жан жолдасым – Намыс пенен Ар менің.
Назаландым, ызаландым өмірге,
О, дүние!
Осыншалық тар ма едің?!
Қайырсыздар, әлі жерде бар ма едің?!.
Адам ұлы жұмыртқаша шіріген,
Осыншалық құлдырауға күйінем.
Бұл сұмдықты естігенде ұялып,
Қарабайлар қайғы шегіп, қуарып,
Шығайбайлар шыға да алмас үйінен!
О, ұлы өмір!


Датталса да ұлы атың,
Кешір мендей күнәһардың күнәсін.
Асын ішіп, итаяғын босатқан,
Неге мұндай күйкілерді туасың?!
Ондайлардың итпен бірге құй асын!!!





Пікір жазу