08.08.2022
116

Тіршілік
Өмірде мынау тылсым көп,
Сондықтан да көп қателер.
Келмейді бәрі мұң сүйреп,
Кейбірі-ақ қайғы әкелер.
Арманның туын құлатпа,
Бір дауыл үшін бұрқаған.
Қатеңнің өзі мұратқа
Жақындатар болсын бір табан.