08.08.2022
  126


Автор: Балта Қосбармақ

Жас дәурен

Жазғы әсем шақ бүгін
Алыс қалды, тым жырақ.
Естілмейді шаттық үн,
Тұр дүние тұнжырап.
Кеше ғана жаз еді,
Табиғат масайраған.
Әттең,
Неге аз еді
Жаз ғұмыры жайнаған?
Енді бүгін өмірдің
Таусылғандай шаттығы.
Алып-ұшқан көңілдің
Басылғандай аптығы.
Бұлтқа оранған күзгі аспан
Бір тынады, бір жылап.
Еңсесін зор мұң басқан
Тұр табиғат тұнжырап.
Қарттық – құрық,
Ілдірмей,
Адам қанша қашқанмен;
Жаз күніндей білдірмей
Өте шығар жас дәурен!





Пікір жазу