08.08.2022
143

Анаға хат
Қыстай соқты ауылда ала боран,
Алматыда күн жылы.
Балаң аман.
Бола берме біз үшін алаң, Анам,
Жүріп жатыр есен-сау қара балаң.
Мен сендерге, көп болды, салмадым хат,
Күндер жылжып өтуде алға арындап.
Содан бері көп болды,
Ең соңғы рет
Қалып едің қолыңды жолға бұлғап...