08.08.2022
99
Жақсылығын, бақытын, амандығын...
Жақсылығын, бақытын, амандығын
Тілейді Ана бар адам баласының.
«Естімесем, - дейді ол, - жамандығын
Әр ұлым – көзімнің ақ, қарасының».
Ананың да бақытын кім тілемес?!
Ең асыл жан Ана ғой әр адамға.
Жақсылықтың өспеуі мүмкін емес,
Жамандықтың өшпеуі мүмкін емес
Осынау кең дүниеде Ана барда!