08.08.2022
95
Қыс
Жолаушы секілді түстеніп
Аттанған,
Кетті өтіп күз демде.
Ақ тонын жамылтты қыс келіп,
Күзгі жел тоңдырған түздерге.
Аспаннан ақ мамық – қар аппақ
Жатыр кеп талдарға қонақтап.
Мұң басты:
«Ертең-ақ жалақтап,
Долы жел ақтүтек боратпақ».
Сап етті ой жол бермей мұңдарға:
«Қайда екен қарындаш, ақ қағаз?
Салайын өзгермей тұрғанда,
Дәл мұндай қысқы әсем шақтар аз».